Алматыда 29 жастағы әйел екі баласының көзінше өзіне қол жұмсады. Келіншек өз үйінде басқа тағатын орамалына асылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, анасының суицид жасағанын 1 және 5 жасар кішкентей қыздары көріп, ештеңе түсінбей, жылай берген, Марқұм келіншек Қырғызстан азаматы екен. Көршілері күйеуінің озбырлығына шыдай алмай өмірімен қош айтысқан деп топшылайды. Қазір полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.