Тараздық Дархан Сәрсенов АҚШ-та өткен калистеника мен кроссфиттен халықаралық турнирге қатысып бірінші орынға ие болды. Massaget.kz тілшісі жүлдегермен сұхбаттасып, жарыстың қызық тұстарына тоқталды. Калистеника - бұл турник пен брусьяда түрлі гимнастикалық жаттығу жасау мен тартылу спорты. Қазақстандық спортшы Brooklyn Beach Sports Festival 2024-ке бірден екі спорт түрінен қатысып, бірінен 1-орын, екіншісінен 3-орын алған.