Танымал болу көп адамның арманы шығар. Алайда мұндай бақтың да кемшіл тұстары бар. Атақты болып, ел алдында жүрген адамдардың әдетте балаларына көңіл бөлуге уақыты табылмай жатады. Ал уақыт бөлінбеген балаға бұл кері әсерін тигізуі мүмкін. Кезекті кейіпкеріміз есімін жариялауды жөн көрмеді, алайда ол - танымал адамның баласы. Оның айтуынша, атақ көтере алмаған әке баланың жанына жара салуы мүмкін. Massaget.kz тілшісі бұл туралы психолог, Ізгілік педагогика ұстазы Аяулым Бақытовамен сұхбаттасты.