ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы полиция департаменті жедел қызметкерлерімен бірлесіп, Таразда қылмыстық топтың әрекетін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді. Бұл операцияға "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің сарбаздары да тартылды.