Бұрынғы күйеуінің соққысынан қос жақ сүйегі сынып, әбден зәрезап болған астаналық келіншек араша сұрады. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі күндіз терезесіне тас лақтырса, түнде оқ атудан тайынбайды. 25 рет хаттама толтырылса да, полиция "қылмыс құрамы жоқ" деген сылтаумен жауапқа тартпай отыр екен.