Ертеде адамдар денелеріне түрлі суреттерді қандай да бір ру не тайпа құрамында екенін көрсету үшін салған. Бұдан басқа әйелдерге бала туған кезде ауырғандаы сезбес үшін салса, кейбірінде тату қандай да бір тылсым күштен қорғайды деген түсінік болған. Ал бүгінде тату тыртықты жамауға немесе ерекшеленудің белгісі ретінде салынады. Алайда қоғамда татуға байланысты түрлі пікір қалыптасқан. Massaget.kz тілшісі татуировкаларға қатысты кей аңыздардың шындыққа жанаспайтынын анықтады.