Әлеуметтік желіде ұзату тойда қыздың мойнына қызыл орамал тағылған видео қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары қазақта мұндай салттың бар-жоғын айтып, өзара пікірталасқан. Осы тұста Massaget.kz тілшісі этнограф Болат Бопайдан ұзатылып бара жатқан қыздың мойнына қызыл орамал тағу қазақтың салт-дәстүріне қаншалық сай екенін сұрап көрді.