Шымкентте 187 миллион теңге тұратын бес мың дана противогаз әкімдіктің алдында шашылып жатыр. Тендерді ұтып алған кәсіпкерден тапсырыс беруші әкімдік тауарды қабылдамай қойыпты. Ашуланған жеке кәсіпкер газқағарларды шенеуіктердің алдына лақтырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.