Қазіргі кезде кеш сөйлейтін бала саны көп. Кекеш, 2-3 жастан асса да таза сөйлей алмайтын не физиологиялық, психикалық ауытқулары бар балалар қоғамды ерекше алаңдатып отыр. Баланың кеш сөйлеуіне не себеп болатынын және қалай оның алдын алу керегін Massaget.kz тілшісіне "Планета речи" коррекциялық орталығының маманы Әйгерім Ерлановна түсіндірді.