Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Мемлекет басшысына Қазақстандағы криминогендік жағдай туралы баяндалды. Ержан Сәденовтің айтуынша, елімізде жасалатын қылмыстар санының төмендеу динамикасы сақталып отыр. Кісі өлтіру 20 пайызға, ұрлық 28 пайызға, қарақшылық 32 пайызға азайған. Тонау, бұзақылық, мал ұрлығы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері, сондай-ақ басқа да қылмыс түрлері төмендеген.