Танымал әнші Төреғали Төреәлі кеше Алматы көшелерінің бірінде ұсталды. Әлеуметтік желілерде тараған видеода ұлы дала баласының полицейлерге қарсыласып жатқаны көрінеді. Кейінірек оның есірткіге мас болғаны анықталды. Сондай-ақ, 20 тәулікке қамауға алынды. Алайда бұл өнер иесі қамауға алынған бірінші жағдай емес. Massaget.kz тілшісі заңгер Думан Көпбаевпен сұхбаттасып, әншінің танымалдығы оған тағайындалар жазаға қалай әсер еткенін, бұған дейінгі даулы істері жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қаншалық ескерілгенін сұрады.