Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде Жанат Бақыт есімді журналистің жасаған мәлімдемелері жұртты шошытып, арты дауға айналып жүр. Ол "Алланың миссиясы аяқталғанын, енді оны Жаратушы деп айту керегін және оны қабылдау қажет екенін" айтқан еді. Ал мүфтият оның бұл мәлімдемелеріне ермеуге шақырған болатын. "Көреміз" бағдарламасында Жанат Бақытты құрбысы Кәмшат Бекжігітова қонақ болып, кейінгі кезде журналист жақындарына не айтқанын әңгімеледі