"Тату тәтті" жобасының қатысушылары Жәния Нақысбекова мен Сәбира Нақысбекова ене мен келін. Күйеуімен ажырасып кеткеніне қарамастан, енесімен әлі де жақсы қарым-қатынаста қалған келін Сәбира Нақысбекова "1001 түн" телебағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы енесін "туған анасындай" көретінін жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.