Кейбір компания, зауыт, кәсіпорын, мекемеде жұмыс екі ауысымда болады. Адам ағзасы үшін күн және ұйқы режимі өте маңызды болғандықтан, түнгі ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақы артық төленуі тиіс. Алайда мұны кейбір азаматтар білмеуі мүмкін, салдарынан қызметкердің құқығы бұзылады. Осыған байланысты адвокат Альбина Бахтиярқызы Massaget.kz тілшісіне түнгі ауысымда жұмыс істейтін кез келген қызметкер білу тиіс заң тұстарын түсіндірді.