Түнгі уақытта Отырар аудандық полиция бөліміне 15 жастағы ұлының үйіне оралмағанын айтып хабарласқан тұрғын полицейлерден көмек сұрады. Әкесінің айтуынша, оның ұлы кешкі сағат 17:00 шамасында достарымен шығып кетіп, күн қарайғанша келмеген. Жақындары полицияға хабарламай, бірнеше сағат өздері іздеді. Оқиға кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, учаскелік инспекторлар шұғыл іске кірісті.