Оқиға 22 ақпан күні түнгі уақытта болған. Әлеуметтік желіде өзін жәбірленушілердің бірінің әкесімін деп таныстырған ер адам жарақат алған үш жігіт сол түні "Алмас" дүкенінен шығып, бір топ адаммен ерегісіп, соққының астында қалғанын атап өтті. Олар көп қан жоғалтқан. Жәбірленшілер ауруханаға жеткізіліп, әрқайсысына 3-4 сағат аралығында операция жасалыныпты.