Түркістан Сарыағаш ауданында асқан қатігездікпен ажал құшқан 5 жасар Еркежан Нұрмаханның өлімінен кейін пробация қызметкері сотталды. Аудандық прокуратура оны "жұмысына салғырт қарау" бабымен жауапқа тартуды сұраған. 39 жастағы ер адамға "бүлдіршінді аяусыздықпен өлтірген Сайдолим Гайибназаровты тиісті деңгейде бақыламады" деп айыпталып отыр.