Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің бейнежазбасын анықтады. Ол көлік жүруге болмайтын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдындағы аллеяда Hyundai Sonata автокөлігімен жүріп өтіп, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.