Биыл угги етігі сәнге қайта кірді. Угги етігін кез келген киім үлгісімен үйлестіріп кие беруге болады. Алайда мамандар угги етігінің адам денсаулығына зиян екенін баяғыдан айтады, тіпті етіктің бұл түрі майтабанға шалдықтырады деген әңгіме бар. Бұл қаншалық рас? Угги етігін үнемі кию қандай ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін екенін білу үшін Massaget.kz тілшісі терапевт Әбдіғалиева Маржанның көмегіне жүгінді.