ҰҚК қызметкері "Самұрық-Қазына" қорындағы топ-менеджерінің атынан қолдан хат жасаған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің кіші жедел уәкілі Мансұр Қаниев алаяқтық жасағаны үшін орташа режимдегі колонияда 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің досы, кәсіпкер Мәди Меңдалиевтен "ҚазТрансОйл" АҚ-нан тендер аламыз деп уәде беріп, 9,8 миллион теңге алған