Үкімет басшысы, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов су басу қаупіне байланысты ТЖ алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқан Шығыс Қазақстан облысына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.