Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының іс-шараларына қатысты. Отырыста Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Парламент жетекшілері осы Ұйым қызметінің өзекті мәселелерін, өңірлік қауіпсіздік саласындағы ахуалын талқылап, алдағы жоспарларды айқындады. ҰҚШҰ ПА Кеңесінің отырысына қатысушылар Қазақстанды еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның сәтті өтуімен […]