Бүгін кезектен тыс Президент сайлауының өткеніне бір жыл толып отыр. Осыған байланысты мемлекет және қоғам қайраткерлері өз ойларын бөлісіп жатыр. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Facebook-тегі парақшасында сайлау қарсаңында Мемлекет басшысының жеке тұлғасына деген халықтың ерекше ықыласы, шынайы құрметі айқын көрінгенін атап өтті.