Оралдағы дәмханада болған жарылыс орнында құтқару жұмыстары аяқталды. Оқиға орнында 16 сағат бойы Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері үздіксіз жұмыс істеді.