Бүгінде халықтың көпшілігі ұялы байланыс операторлары бойынша тариф түрлерін қолданады. Ал тарифке интернет, тегін хабарламаса мен хабарласу кіреді. Редакциямызға Beeline тұтынушысы жүгінді. Оның сөзінше, бұрыннан қолданып жүрген тарифінің бағасы әп сәтте 1000 теңгеге көтерілген. Massaget.kz тілшісі компанияға ресми сауал жолдап, қандай жағдайда тариф қымбаттайтынын сұрады.