Қазір қазақ мал сойғанда жүректі көбінесе қуырдаққа қосып жібереді. Ал ертеде жүрек ұзатылып кеткен қызға арнайы тағам дайындау үшін сақталған. Бұл арнайы тағам "үлпершек" деп аталады. Бұл қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарының бірі. Осы себеппен этнограф Болат Бопайұлы Massaget.kz тілшісіне үлпершектің мән-мағынасын түсіндірді.