"Анам ыстық сумен күйдіріп, ұрып-соқты" деген тоғыз жастағы қыздың видеосы тарады. Бұған қатысты асырап алған шешесі жауап берді. Оның айтуынша, жеткіншекті бұрынғы әріптестерінің бірі жалған сөйлеткізіп, бейнекамераға жазып алған. Өзі асырауындағы қызға "қол ұшын тигізбедім" дейді, бірақ көптің жағасын ұстатқан жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.