Сатып алу кезінде пәтерлердің 3-санатты “комфорт” үй, жабық аумақ, қауіпсіз алаң, жерүсті автотұрағы бар тұрғын үй кешені екенін айтқан. Алайда құрылыс компаниясының өкілі пәтер иелеріне бұл үйдің 3-санат емес, 4-санат екенін хабарлаған. Одан бөлек құрылыс сапасыз, жері заңсыз, аула алаңында қауіпсіздік шаралары сақталмаған.