Білім және ғылым министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен екіге бөлінді. Бұдан былай бұл салаға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап береді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына жарияланды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін […]