Теңізге түскен ылғалдың жалпы жиынтығы - 23,5 текше шақырым. Су ресурстары және ирригация министрінің айтуынша, трансшекаралық өзен-көлдер бойынша Қазақстан барлық іргелес мемлекеттермен құқықтық база қалыптастырған. Екіжақты комиссия жұмыс істейді. Өзбекстанмен трансшекаралық су объектілерін бірлесіп қадағалау және тиімді пайдалану туралы келісім бар. Осының нәтижесінде Солтүстік Аралға Сырдариядағы қоймалардан, үздіксіз су келіп тұрады. Тіпті су аз кезеңдерде де үзілмейді.