Асламбек Мерғалиев Жоғарғы соттың төрағасы болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. «Мемлекет басшысының жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада. Асламбек Мерғалиев бұл қызметке 2022 жылдың желтоқсан айында келген болатын.The post Асламбек Мерғалиев Жоғарғы соттың төрағасы лауазымына қайта тағайындалды appeared first on QANDASTAR.KZ.