Жетісу облысында түнде жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Жаркент маңында болғанымен, Қазақстан аумағында оның сезілуі туралы мәлімет түспеген, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы. Жедел мәліметке сәйкес, жер сілкінісі 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де болған. Эпицентрі Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 4,4, энергетикалық класы K=9.3 деп көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында...