Фото: Абай облысының әкімдігі Семей қаласында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан ұйымдастырылған, қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілі Амангелді Сейітханды еске алуға арналған дәстүрлі республикалық «Seitkhan Cup» турнирі өз мәресіне жетті. Биыл бесінші рет өткен дүбірлі дода алғаш рет Амангелді Сейітханның туған жері – Абай өңірінде ұйымдастырылды. Турнирдің өтуіне Абай облысының әкімдігі ұйытқы болды, деп хабарлайды...