Көкшетауда Қопа көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар техникалық ақауы бар паромды байқаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап. Жолаушылары бар кеме жағалаудан 700 метр қашықтықта тұрған. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 10 баланы жағаға аман-есен жеткізді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмаған. Фото: ТЖД
Жаңалықтар