Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті. – Біз Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударамыз. Беларусь мемлекеттілігіне, оның төл мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Ықпалдастығымыз, әсіресе, экономикалық салада дәйекті түрде дамып келеді...
Жаңалықтар