Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Президентке агенттік қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде баяндалды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Жанат Элимановтың айтуынша, бюджет шығыстарына жүргізілген мониторинг кезінде мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 миллиард теңге субсидияны тиімсіз пайдалану тәуекелдері анықталған. Сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған...