Daryn.online платформасы пайдаланушыларының деректерінің тарап кеткені туралы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлаймыз. Бүгінгі таңда 4,2 миллион пайдаланушының деректеріне нұқсан келтірілгені туралы ақпарат расталған жоқ және компаниядағы нақты мәліметтерге сәйкес келмейді.