Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған шараға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус өкілдерінің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастық пен факультет түлектерінің өкілдері қатысты. Халықаралық қатынастар факультеті – «халықаралық қатынастар», «халықаралық құқық», «аймақтану», «әлемдік экономика»және «дипломатиялық аударма» бағыттары бойынша мамандар даярлайтын жетекші орталықтардың бірі. Отыз жыл ішінде факультет танылған сарапшылық мектеп қалыптастырып, мемлекеттік органдарда, ҚР Сыртқы істер министрлігінде, елшіліктерде, халықаралық құрылымдарда, зерттеу орталықтарымен бизнес секторында қызмет етіп жүрген білікті мамандарды даярлады. Дипломатиялық қабылдауды Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Жұлдыз Сайрамбаева алғы сөзімен ашты. Ол өз сөзінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті 30 жыл ішінде тек жоғары білікті кадрлар даярлайтын жетекші ғылыми-білімберу орталығы ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар мен жаңа тәсілдерді ұсынатын, олардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында көрініс табуына ықпал ететін маңызды талдамалық алаң ретінде де қалыптасқанын атап өтті. Құттықтау сөздерімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің бірінші вице-министрі Ержан Ашықбаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сөз сөйледі. Іс-шара қонақтары арасында АҚШ пен ҚХР-дың Бас консулдары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері болды. ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев дипломаттарға және факультеттің профессор-оқытушылар құрамына Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінің дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесі, сондай-ақ ғылым мен жоғарыбілім беру саласындағы елеулі еңбегі үшін «FARABI» алтын медалін табыстады. Мерейтой аясында факультет тарихы туралы деректі фильм көрсетіліп, студенттердің орындауындағы классикалық Вена вальсі және музыкалық нөмірлер ұсынылды. Дипломатиялық қабылдау қонақтарға бейресми қарым-қатынас жасауға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берген фуршетпен аяқталды. Сафура Борибаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   Халықаралық қатынастар факультеті   Дипломатиялық аударма кафедрасы

Читать источник bugin.kz
"Мені балалар үйіне алып кетіңіздерші". Павлодарда сегіз жасар қыз көпшіліктен көмек сұрап, әкесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты
Жапониядағы қазақстандықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Көктайғақ, боран, тұман: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Пара беруге итермелеген, құжатты қолдан жасаған: Түркиядан сотталушы экстрадицияланды
Алматыда бірнеше көлік жол апатына ұшырап, бала зардап шекті
Семейлік оқушы наурыздағы ҰБТ-дан 140 балл жинады
Сеулдегі қазақстандық: Референдумға қатысу – әр азаматтың парызы
Кореяда алғашқы болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының қызметкері Ернар Сарсенбаев дауыс берді
Жапониядағы қазақстандықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Референдумда алғашқы болып Жапониядағы студент Жібек Айдын дауыс берді
Референдум: Сеул мен Токиода дауыс беру басталды
Жапонияда референдум учаскесі жұмысын бастады
Көктайғақ, боран, тұман: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Мені балалар үйіне алып кетіңіздерші". Павлодарда сегіз жасар қыз көпшіліктен көмек сұрап, әкесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтты
Фидан: Түркия Таяу Шығыстағы соғысқа қатысуға үзілді-кесілді қарсы
"Палубасы мен жабдықтары аздап зақымданып, жолынан жаңылған". Қазақстан мұнайын алуға бара жатқан кемеге шабуыл жасалды
"Адамдардың сеніміне кірген...Түркияда ұсталды". Атырау облысында жоғалған отбасы мен күдікіге қатысты ақпарат таратқан хакерге қатысты дерек шықты
Трамп Иранмен атысты тоқтату туралы келіссөзді бастауға асықпай отыр – Reuters
Спорттық гимнастика: Зейнолла Ыдырысов Әлем кубогы кезеңінде күміс медальға ие болды
ТЖМ тікұшағы ауыр халдегі науқасты шұғыл түрде Өскеменге жеткізді
Қарағандыда облыстың 90 жылдығына орай тарихи-өлкетану музейінің жаңартылған экспозициясы ашылды
Иран Израильді қолдағаны үшін Украинаға қоқан-лоқы жасады
БАҚ: Нетаньяху Зеленскиймен иран дрондарынан қорғаныс мәселесін талқылағысы келеді
Украина әскері Запорожье бағытында Ресей әскерін тоқтатты - ресми мәлімдеме