Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық қатынастар факультетінің 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған шараға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус өкілдерінің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қауымдастық пен факультет түлектерінің өкілдері қатысты. Халықаралық қатынастар факультеті – «халықаралық қатынастар», «халықаралық құқық», «аймақтану», «әлемдік экономика»және «дипломатиялық аударма» бағыттары бойынша мамандар даярлайтын жетекші орталықтардың бірі. Отыз жыл ішінде факультет танылған сарапшылық мектеп қалыптастырып, мемлекеттік органдарда, ҚР Сыртқы істер министрлігінде, елшіліктерде, халықаралық құрылымдарда, зерттеу орталықтарымен бизнес секторында қызмет етіп жүрген білікті мамандарды даярлады. Дипломатиялық қабылдауды Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Жұлдыз Сайрамбаева алғы сөзімен ашты. Ол өз сөзінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті 30 жыл ішінде тек жоғары білікті кадрлар даярлайтын жетекші ғылыми-білімберу орталығы ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар мен жаңа тәсілдерді ұсынатын, олардың Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында көрініс табуына ықпал ететін маңызды талдамалық алаң ретінде де қалыптасқанын атап өтті. Құттықтау сөздерімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің бірінші вице-министрі Ержан Ашықбаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сөз сөйледі. Іс-шара қонақтары арасында АҚШ пен ҚХР-дың Бас консулдары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері болды. ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев дипломаттарға және факультеттің профессор-оқытушылар құрамына Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінің дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесі, сондай-ақ ғылым мен жоғарыбілім беру саласындағы елеулі еңбегі үшін «FARABI» алтын медалін табыстады. Мерейтой аясында факультет тарихы туралы деректі фильм көрсетіліп, студенттердің орындауындағы классикалық Вена вальсі және музыкалық нөмірлер ұсынылды. Дипломатиялық қабылдау қонақтарға бейресми қарым-қатынас жасауға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берген фуршетпен аяқталды. Сафура Борибаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   Халықаралық қатынастар факультеті   Дипломатиялық аударма кафедрасы

Читать источник bugin.kz
«Киікті сақтап қалуға қолдау көрсетті»: Ханзада Уильям Қазақстандағы киіктерді қорғау жетістігін жоғары бағалады
Мейрамгүл Боранбайқызы: Мұғалімдер өз пікірін айтудан қорқады, ал мектептегі мәселелер қағаз жүзінде шешіледі
Несие азайған жоқ, бережақ көбейді: қазақстандықтар қарызға өмір сүруге үйреніп бара ма?
Пара беруге итермелеген, құжатты қолдан жасаған: Түркиядан сотталушы экстрадицияланды
Алматыда бірнеше көлік жол апатына ұшырап, бала зардап шекті
Трамп Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты
Несие азайған жоқ, бережақ көбейді: қазақстандықтар қарызға өмір сүруге үйреніп бара ма?
Мейрамгүл Боранбайқызы: Мұғалімдер өз пікірін айтудан қорқады, ал мектептегі мәселелер қағаз жүзінде шешіледі
«Киікті сақтап қалуға қолдау көрсетті»: Ханзада Уильям Қазақстандағы киіктерді қорғау жетістігін жоғары бағалады
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады
«Міндетті оқу пәндері қатарына кірді»: Оқу-ағарту министрі жаңа өзгеріс жайлы айтты
Мұнай бағасы төмендеді: Brent баррелі 114 доллардан асты
«Волейболшы қызды ұрып жіберген»: Шымкенттік бапкерге шара қолданылды ма? (ВИДЕО)
Астанада қонақүй-сауна кешеніндегі өрттен 60 адам эвакуацияланды
Шымкенттік бапкер жарыс кезінде жасөспірім қыздың басынан ұрған
«Стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту»: Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады
«Жігіттерде той!»: Танымал әнші қуанышты жаңалығын жария етті (ВИДЕО)
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады 
Жезқазған қаласы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс: Қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
«Қолын қалтадан шығарса қайтеді»: Бекболат Тілеухан тойда ән айтты
«Толқынысқа толы кездесу»: Америкадан туған қызын іздеген Наташа Қалымбетова жағымды жаңалығын айтты (ВИДЕО)
Италияда «Қайраттың» чемпиондықтан айырылуы талқыланды
Петропавлдық оқушы қарт адамдарға арналған жасанды интеллект көмекшісін жасады