Кейінгі кездері елімізде педофилия оқиғалары жиілеп кетті. Қоғам бұл сұмдықты болдырмау үшін педофилдерді өлім жазасына кесу, тым болмағанда кастрациялау керек деп дабыл қағып жатыр. Ал сот шешіміне қатысты былықтар бірінен кейін бірі әшкерелене бастады. Бүгін біз балаларымызды қылмыскерден қалай қорғау керек, педофилді қалай тануға болады және елімізде оларға қарсы қандай заң бар екенін талдаймыз.