Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін арттыру мен жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу – бүгінгі күннің басты міндетіне айналды. Осы бағытта педагогтардың жасанды интеллект технологияларын тиімді және жауапты қолдануға үйрету, олардың жұмыс жүктемесін азайтып, оқыту сапасын арттыруға арналған «Ustazga AI» бірегей жобасы аясында «Білім берудегі жасанды интеллект: инновациялық технологиялар мен оқу үдерісінің цифрлық трансформациясы» оқыту курсы іске қосылды. Осыған орай, отандық ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеріп, оларды озық технологиялармен қаруландырып жатқан «Ustazga AI» жобасының авторы, Bugin Holding компаниясының директоры Айбек Нұрланұлы еліміздегі цифрлық саясаттың бағыттары мен білім саласына арналған инновациялық шешімдер туралы өз пікірін білдірді. Сұхбат барысында ол жобаның мазмұны мен оның стратегиялық маңыздылығына жан-жақты тоқталып өтті, – деп хабарлайды Bugin.kz
«Ustazga AI» жобасы білім беру саласын цифрлық трансформациялаудың жаңа кезеңіне айналды
Жаңалықтар