Досының өтінішімен шәуітін тапсырып, донор болған Павел Дуровтың жүзден астам баланың биологиялық әкесі болып шыққаны жақында жарияланған еді. Бұл бағытта Қазақстанда ахуал қандай екенін білу үшін Ulysmedia.kz тілшісі «Экомед» медициналық орталығының репродуктология бөлімінің бастығы, дәрігер-репродуктолог Ботагөл Төлетованы сөзге тартып көрді. Маман ЭКО-ға жүгінетін әйелдерге сынама тапсыратын азаматтың туған өңірі, жасы, сипаты, бала кездегі суреті мен жазуы, руына дейін көрсетілетінін айтады.