«Дүкен ашам» дегендерге мемлекет ақша береді деген ақпарат Ulysmedia.kz порталына шыққалы бері өте көп адам редакцияға хабарласып, көп сұрақ қойып жатыр. Көмекті алу үшін кімге бару керек? Қай банк несие береді? Кепілдікке мүлік қою керек пе? Қанша сомаға дейін ақша ала аламыз? Бағдарлама қашан басталады? Осы және өзге де сұрақтарды Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің баспасөз хатшысы Тойгүл Жұбанисоваға қойдық.