ҚР басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, республиканың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерге антициклон жотасы әсер етеді, онымен байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желмен бірге бұрқасын болып, тұман, көктайғақ күтіледі.