3 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал батыс, солтүстік-батыс, шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман болжанады, деп хабарлайды Қазгидромет.