Ақтауда оқу жылы қарсаңында үкіметтен берілетін қаражатты ала алмай жүрген көп балалы аналар облыстық әкімдікке келді. Өйткені балаларды мектепке дайындау үшін берілетін ақша қыркүйектің ортасы болса да аналарға әлі жетпеген. Құжаттарды мектеп қабылдайтын болған соң қателік білім ордасынан кетті дейді білім бөлімінің басшысы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.