Алматы қалалық Мобильділік басқармасынан мәлім еткендей, Ясауи көшесінен Береке көшесіне дейінгі учаске бойынша қозғалыс уақытша жабық. Нысандағы құрылыс жұмыстарын 2022 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарда. Мұнда жан-жаққа шығатын жолдардың жиегін орнату, аумақты абаттандыру, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, жоғарғы қабатқа асфальтбетон жабынын төсеу және тағы басқа жұмыстар орындалатын болады.