Алматыдағы атыстан қаза тапқан учаскелік инспектор 39 жастағы Дархан Сүлеевтің артында бес кішкентай баласы қалды. Ол ішкі істер министрлігінде 19 жыл қызмет атқарған. Бұл туралы брифинг барысында Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.