Алматыда жетімдер үйінің түлектері ішімдікке салынып, 2 баланы өлтіріп алған. Ерлі-зайыптылар мемлекеттен алған пәтерде күнде көңілді отырыс ұйымдастыратын көрінеді. Ащы суға сылқия тойып жүріп, алты бала тапқан Дана есімді кейіпкер 2 бірдей баласын өлтіріп алған. Ал үшеуін көршілердің шағымымен, жетімдер үйіне өткізген. Бүгінде алтыншы сәбиі қараусыз. Жантүршігерлік оқиға жайлы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.