«Саялы» шағынауданындағы №1 мамандандырылған ХҚКО қайтадан көлік құралдарын рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. «Автодом» автоорталығында орналасқан бөлім 24 мамырдан бастап бұрынғы мекенжайына оралады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы хабарлады.